Алматыдағы білім нысандарының қабырғасына сызат түскен
Жер сілкінісінен кейін бірқатар білім нысанының қабырғасына сызат түскен.
Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасы хабарлады. Негізінен әрлеу материалдары бүлінген. Салмақ түсетін құрылымдарға зақым келмеген. Алдағы уақытта Төтенше жағдайлар департаменті, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты, Қала құрылысын бақылау басқармасы мамандарынан құралған комиссия барлық әлеуметтік нысанды тексереді. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, қалада ғимараттар айтарлықтай зақымданбаған. Тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелері қалыпты режімде жұмыс істеп тұр.