Үлкен және Кіші Алматы өзендері бойында шағын қар көшкіні байқалады

Кіші және Үлкен Алматы өзендері бассейндерінің жоғарғы ағысында шағын қар көшкіндері байқалады.

Бұл туралы аэровизуалды тексеру жүргізген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Талғар өзені алабында қар көшкіні көлемі 300 текше метрге дейін жетті. Абырой болғанда барлық көшкін тау беткейінде тоқтады. Жақын маңдағы нысандарға қауіп төніп тұрған жоқ. Мұздықтарда да еш өзгеріс жоқ. Қар мен мұз жабындысы бір қалыпты деп хабарлады ведомство өкілдері.