Қызылордада полицейлер 600 қаруды жойды

Қызылордалық полицейлер 11 шолақ мылтық пен 32 травматикалық тапаншаны арнайы құрылғымен бөлшектеп тастады.

Одан бөлек 550 дана тегіс және 7 ойық ұңғылы қаруды атуға жарамсыз етті. Бұл қару-жарақ арсеналының көбін тұрғындар полицияға ерікті түрде тапсырған. Тәркіленген және әр жерден тауып алған қарулар да бар. Заңсыз айналымдағы қаруды жою шарасы кейінгі 3 жылда 7-рет өтіп отыр.

Сейтмұрат Туляпов, ПД Тылмен қамтамасыз ету басқармасының бастығы:

- Жалпы 600 атыс қаруы қабылданып, ҚР ІІМ әскери және арнайы жабдықтау базасына тапсырылып, белгіленген заңдылыққа сәйкес жойылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды түрде өз жалғасын табатын болады.