ШҚО-дағы Глубокое ауданының соты жаңа ғимаратқа көшті
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданының соты жаңа ғимаратқа көшті, деп хабарлайды 24KZ.
Олар осыған дейін іргетасы сонау 1960 жылы қаланған көне мекемеде қызмет етіп келген еді. Сондықтан аудандық сотқа 1 мың 500 шаршы метрлік жұмыс алаңы беріліпті. Онда 5 сот залы бар. Өңірге жұмыс сапарымен барған Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев барлық аудандарда интернет байланысы оң жолға қойылғанына көз жеткізді. Соның нәтижесінде сот отырыстарын онлайн өткізуге мүмкіндік туды. Себебі аудан орталығымен ауылдардың арақашықтығы 300 шақырымнан асады. Қоғамдық қабылдауға арналған фронт-кеңсесі бар.
Оян Мүтәләпов, ШҚО Сот әкімшілігі департаментінің жетекшісі:
- Жаңа ғимарат барлық заманауи талаптарға сай келеді. Азаматтар мен процеске қатысушылар үшін, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін барлық жағдайлар жасалған. Сот штаты 5 судья және 11 сот қызметкерлерінен тұрады.