Ана мен бала құқығы қорғалады

Жалғызбасты аналарды әлеуметтік қолдау үшін «Аналар үйі» жұмыс істеп тұр.

Мұнда келген жас аналар психологиялық көмек алып, заң жүзінде мәселелерін шеше алады.

22 жастағы Галина Юдина отбасындағы жанжалдың кесірінен үйінен кетіп, аналар үйін паналаған. Бір ұлы бар, қазір екіншісіне аяғы ауыр. Мұнда арнайы мамандар қарап, әлеуметтік-психологиялық тұрғыда көмек көрсетеді.

Галина Юдина, жас ана:

- Алимент алу үшін сотқа жүгінгім келеді. Осы уақытқа дейін күйеуім еш көмек көрсетпеді. Баламды өзім қарадым. Тек осында келгеннен кейін барып әлеуметтік көмек алдық. Жақында босанайын деп отырмын. Бұрыңғы күйеуім балаларына көмектессе екен деймін. Сол үшін сотқа бергім келеді. Мұндағы заңгерлер бұл істі қолға алды.

Мұнда қазір 9 жас ана мен 9 бала тұрып жатыр. Әр анамен арнайы психолог, психотерапевт, заңгер айналысады. Алдымен өздерінің қалыпқа келуін күтеміз. Одан кейін арнайы мамандардың көмегімен құжаттарын реттеп, заң бойынша мәселелерін шешуге көмектесеміз дейді Ана үйінің үйлестрірушісі.

Айжан Диханова, «Ана үйінің» үйлестірушісі:

- Қазір даң тұрғысында көмектесіп жатырмыз. Мұндағы аналардың бірі күйеуімен ажыраса алмай жатса, екіншісі балаларының әкесінен алимент ала алмай жүр. Бұл тұста біз аналарға барынша өз құқықтарын түсіндіріп, заңгердің көмегімен бұл мәселені шешудеміз.

Мәжілісте әйелдер мен балалардың құқығын қорғау үшін бірқатар заң қабылдады. Бұған дейін егер адамда жеңіл дене жарақаты болса ол әкімшілік кодекс бойынша қаралатын, ал жаңа қабылданатын заң бойынша бұл қылмыстық іске ауысты. Сондай-ақ, зорлық зомбылық көрген, зардап шеккендер агрессормен бір үйде тұрмау үшін енді оларды  тұрғылықты жері бар жоғына қарамастан бірге тұру құқынан айыра алады. 

Нартай Аралбайұлы, Мәжіліс депутаты:

- Бұрын жапа шеккен азаматтар амалдың жоқтығынан әрең деп басын аман алып шықса, қашып жүріп осындай орталықтарға келеді. Көріп отырсыз ғой қаншама ананы, қаншама бөбектерімізді. Ал агрессор өзінің тұрған жерінде тұра береді. Енді біз керісінше істеуіміз керек. Агрессор үйінен кету керек.  Жапа шеккен азамат қорғауға мұқтаж азаат үйінде қалу керек.

Жаңа заңның аясында балалар үйі, сауықтыру лагерлері мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернаттарға жоспардан тыс тексеріс жүргізілетін болады.Бұрын мұндай мүмкіндік болмаған. Соның кесірінен талай іс жабулы күйінде қалатын. 

Нартай Аралбайұлы, Мәжіліс депутаты:

- Интернаттық ұйымдар бар, балалармен жұмыс жасайтын орталықтар бар, интернаттық ұйымдар, балалар үйі сияқты. Оларға бұрын келіп тексеру үшін мемлекеттік ұйымдар хат жіберу керек еді. Енді біз мемлекеттік органдарға осындай мүмкіндік бердік. Ол жерді тексеру үшін арнайылап хаттама жіберіп, күніңізді хабарлаудың қажеті жоқ. Қашан дұрыс деп табасыз. Қашан тексеру қажет деп танисыз. Келесіз текесересіз болды.

Заңдағы тағы бір бап - Бұған дейін зардап шегуші арыз жазбайынша іс қозғалмайтын,енді полицияға хабар түскен сәттен бастап мәселе қолға алынады. Сондай-ақ педофилия бойынша ұсталып,кінәсі дәлелденген  қылмыскерлер өмір бойына бас бостандығынан айырылатын болады.

Авторлары: Зарина Кәп, Арман Акшабаев