Астанада әйелдер форумы өтті
Жиынға елдің түкпір-түкпірінен 500-ден астам адам қатысты.
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның 25 жылдығына арналған басқосуға қыз-келіншектердің қоғамдағы қазіргі рөлі арқау болды. Белгілі саяси қайраткерлер, бизнес, ғылым, білім өкілдері мен көп балалы аналар тақырыпты жан-жақты талқылады. Қатысушылардың айтуынша, форумда тәжірибе алмасып, жаңа бастамаларымен бөлісуге де болады.
Әділетті Қазақстан баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекет. Форум қатысушыларына жолдаған құттықтау хатында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп, ұлттық комиссия гендерлік тендікті қамтамасыз ету, отбасы институтын нығайту ісінде ерекше рөл атқарып келе жатканын айтты.
ЦИТАТА: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бұл құрылым уәкілетті органдардың, азаматтық сектордың және бизнестің күш-жігерін тоғыстыратын тиімді мінберге айналды. Ұлттық комиссияның сарапшылары заңдарды және мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге белсенді атсалысып, маңызды әлеуметтік жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруда. Сіздердің еселі еңбектерініздің арқасында Қазақстан бірқатар халықаралық конвенцияны ратификациялап, гендерлік теңсіздікті жою жөніндегі барлық міндеттемелерін орындап келеді.
Жыл сайын экономика мен бизнестегі белсенді әйелдерді үлесі артып келеді. Мәселен, елордада бұл көрсеткіш 51 пайызға жетті. Сондай-ақ, өнеркәсіп саласында 100 мыңнан аса нәзікжан еңбек етеді. Медицина мен білім беру ісіне де атсалысып жүргендер жетерлік. Бүгінгі форум осы жандардың басын қосып, ашық пікірталас алаңына айналды.
Назгүл Мағжан, қала әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:
- 7-8 бағытты қамтуға тырыстық. Ол медицина, бала өмірі, репородуктивті денсаулық, оның ішінде білім бар, ғылым саласындағы жаңалықтар. Ұлттық комиссия естусі мемлекет концепциясы аясында жақсы пікір алмасатын алаң ретінде сол деңгейге жетуді мақсат етіп отырмыз.
Форумға қатысушылар отбасы-демография тақырыбын тыс өзекті мәселелерді де талқылады. Басты мақсат әйел құқығын қорғап, түйіткілді дер кезінде тарқату.
Бекзат Аманов, Марат Диханбаев