Баланы буллинг пен зорлықтан қорғауға арналған «Дос болайық» бағдарламасы іске қосылды
Елде балаларды түрлі буллинг пен зорлықтан қорғайтын «Дос болайық» бағдарламасы іске қосылды.
Жоба әзірге 8 өңірдегі 50 мектепті қамтып отыр. Бұл туралы жеткіншектерді қорғауға арналған жиында Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері хабарлады. Мамандардың айтуынша, бағдарламаның кемшіл тұстарын алғашқы кезеңде анықтап алу керек. Егер жоба сәтті шығып жатса, жаңа оқу жылында елдің барлық өңірінде енгізілуі мүмкін.
Альбина Мұратқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы:
- Буллингтің алдын алу мақсатында бүгінгі таңда білім беру ұйыфмдарында "Дос болайық", «Менің бауырым» жобасы Жоғары білім министрлігімен қоса атқарылуда. Оның ең басты мақсаты - балалар арасындағы достық қабілетін дамыту, бір-біріне көмектесу, бір-біріне жанашырлық қасиетін дамыту болып табылады. Бұл дөңгелектің үстелдің де ең басты мақсаты.
Сандарды сөйлетсек, балалар буллингі жағынан Түркістан облысы өңірлер арасында көш бастап тұр. Одан кейін тізімді Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласы жалғайды. Қызу талқылау барысында басқосуға жиналғандар ортақ мәмілеге келді. Олардың пайымынша, оқушылардың ашушаң болуына интернетті бақылаусыз пайдалану және отбасыдағы жайсыз жайттар әсер етеді.
Әсел Қамбатырова, «Талдау» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:
- Бұл дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты - негзінен орта білім беру жүйесінде балалардың құқықтарын зерттеу мәселелерін талдап, осы саладағы тәжірбиемемн, біліммен алмасып, ой бөлісу. Бүгінгі осы дөңгелек үстелде айтылған ұсыныстар осы саланы жетілдіруге үлес қосады деп ойлаймын. Негізінен бұл іс шара құқықтық тәртіп қағидасын сақтау аясында өткізіліп жатыр.