Құтқарушы келіншек министрлік марапатына ұсынылды
Нәзіктік пен батылдық. Мейірім мен сабыр. Сұлулық пен шапшаңдық. «Апаттар медицинасы орталығында» еңбек етіп жүрген арулардың бойынан дәл осындай қасиеттерді байқауға болады.
Себебі олар қиын жағдайда қалған азаматтардың өмірін арашалау үшін барын салады.
Ол – Апаттар медицинасы орталығының дәрігері. Басты міндеті – қиын жағдайда қалған азаматтардың өмірін арашалау. Сондықтан қар мен боранға, аяз бен аптапқа қарамай, көмекке асығады.
Сәуле Исабек, бригада дәрігері:
- «Знактардың» өзі жолмен бірдей болған кездер болды. Қар тазалап, өзіміз үсті-басымыз су болып, қар құрсауында өзімізде де осындай жағдайлар болды. Мысалға, ары кетсе 20 адам отырғызылатын көлікке өзімізді санамағанда 30-дан көп адам отырғызылып, қалаға жеткізіп, мамандандырылған жерлерге әрқайсын таратқан кездеріміз болды.
Әріптестері Сәулені төтенше жағдайларда салқын қанды әрекет ететіні, ақылға салып шешім қабылдайтыны үшін сыйлайды. «Кәсіби маманның арқасында бригада зардап шеккендерге тиімді көмек көрсетеді», – дейді фельшер Дарын Нұрғалиев.
Дарын Нұрғалиев, фельдшер:
- Науқасқа көмек көрсетіп жатқан кезде тактикалық ісі жағынан өте ыңғайлы, мысалға. Напарник ретінде бізге. Өйткені біз фельшерлер бір манипуляция жасап жатқан кезде екінші жақтан дәрігер қосылып істесе, бізге өте жеңіл болады және тез. Науқасқа жедел көмек көрсетудің деңгейі де жоғарылайды.
Соның арқасында жүздеген адамды құтқарып, ондаған пациентті ажалдан аман алып қалған. Мәселен, бұл бригада 2020 жылдың ақпанында қар құрсауында қалып зардап шеккен 3 адамға медициналық көмек көрсетіп, 8 адамды эвакуациялады.
Нұрлан Иманбаев, дәргер сарапшы:
- Біздің салада құрметке ие болу өте қиын. Ол үшін қаншама жыл тер төгу керек. Сонда ғана әріптестер сенің кәсіби, адами қасиеттеріңді бағалай бастайды. Біздің ортада жауапты, сабырлы, жылдам шешім қабылдап, әріптестерге көмектесетін маман ғана сыйлы. Өйткені сондай жанмен тізе қосып қана қиын кездерде батыл әрекет етуге болады. Сондықтан бәріміз Сәуле Еркебекқызын құрметтейміз.
Біздің кейіпкер еңбекқорлығымен де танылған. Сонымен қатар кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отырады. Өз қызметіне қажетті курстардан өтіп, кез келген қиындыққа сақадай сай болуды көздейді. Осы құлшынысы лайықты бағаланып, министрлік марапатына ұсынылды.
Авторлары: Серік Селеубайұлы, Ердана Ержанұлы.