Ақтөбеде электр энергиясының тарифі өзгерді
Енді наурыздан бастап тұрғындар бір киловатт сағат үшін 16 теңге 62 тиын төлейді, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл бұған дейінгі электр қуаты бағасынан орта есеп бойынша 25%-ке жоғары. Бұдан өзге, заңды тұлғалар және бюджеттік ұйымдар үшін де тариф қымбаттады. Өңірді қуат көзімен қамтамасыз ететін ірі серіктестік қызмет құнын өсіретіні туралы осыдан бірнеше ай бұрын хабарлаған болатын. Мамандар бағаны реттеу үшін жан-жақты талдау жүргізіп, жаңа тарифті бекітті.
Ерлан Дүйсен, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы:
- Электр энергияның тарифтерінің көбею себебі бірыңғай сатып алушының тарифінің ұлғаюына байланысты және де Қазақстан Республикасының электр энергиясының мощностын бақылау қызметіне 70%-ке тарифінің көтерілуі себеп болып отыр.