Елордада трансплантациялық операция жасалды
Мереке күндері елордада бүйрек және жүрек трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды 24KZ.
6 жыл бойы гемодиализде болып, кезек күткен 26 жастағы азаматқа операция Ұлттық ғылыми онкология орталығында өтті. Сондай-ақ Ана мен бала орталығында бүлдіршіннің ауру бүйрегі ауыстырылды. Ал жүрек трансплантациясы кардиохирургиялық орталықта жасалды. Қазір емделушілер дәрігерлердің бақылауында.
Айта кеткен жөн, елімізде 3645 азамат бүйрек ауыстыруға мұқтаж. Оның 83-і – балалар. Жүрек трансплантациясына 140 ересек науқас және 7 бала кезекте тұр.