Криптовалюта: 1500 заңсыз онлайн-сервис бұғатталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, былтыр елде криптовалюта айырбастайтын 1500-ден астам заңсыз онлайн-сервис анықталып, бұғатталған.
Тағы 49 заңсыз майнер әшкереленді. Қазір оларға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал әлем бойынша былтыр криптовалюта индустриясы хакерлердің шабуылы мен алаяқтық іс-әрекеттердің кесірінен 2,5 млрд доллардан айырылған. Келтірілген залалдың төрттен бірі ғана қайтарылыпты. PeckShield компаниясы жүргізген сараптама нәтижесі осындай.