Қарағанды облысында 600 қоқыс алаңы жойылды
Олар Жер серігі жүйесі арқылы анықталды, деп хабарлайды 24KZ.
Мамандардың айтуынша, тұрғындар қалдықты рұқсат етілмеген жерге лақтырып кетеді. Соның салдарынан былтыр өңірде осындай 700 заңсыз орын пайда болған. 50 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал өндірістік қоқысты тастағаны үшін кәсіпкерлерге 6 млн теңге айыппұл салынды. «Бірақ көбін ұстау мүмкін емес», – дейді экологтар. Сондықтан заңдастырылмаған алаңдар жергілікті бюджет есебінен тазартылады.
Дархан Исжанов, облыстық Экология департаментінің басшысы:
- Елді мекендер аумағында жыл сайын рұқсат етілмеген қоқыс пайда болу проблемасы бар. Ол жер ресурстарына теріс әсер етеді. Ғарыштық мониторинг арқылы облыс аумағында 739 заңсыз қоқыс аумағы анықталған. Соның 680-і тазартылған. Яғни, 92%. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Экология департаменті облыс тұрғындарын табиғатқа ұқыпты қарауға және қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеуге шақырады.