Көтерем мал көктемгі қара суыққа шыдай ма?
Жұт жеті ағайынды дейді. Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады.
Биыл жылқының қырылуын қазақ осы жұтттың келгені деп жатыр. Бірақ жылқының қолға қарап қалғаны биыл ғана емес. Оны жылқышылар растайды. Жаздан оты қанып, күйлі шықпаған жылқы ақ қар, көк мұзға шыдамайды. Ал биылығы қыстың қаһары тіптен бөлек. Жаздағы қуаңшылықтан, қыстық шөп қорын жия алмағандар да бар. Оның үстіне қар қалың. Мұз қатқан. Ағайынның көбі жылқы өз аяғымен жайылып шығады деп сенген еді. Енді көтерем мал, көктемгі қара суықта тағы қырыла ма деп алаңдап жүр.
Амангелді Алыпқашев, жылқышы:
- Көктемге дейін мына жылқы шыдай ма, шыдай алмай ма, белгісіз. Енді жұма сайын әкелгенде көрініп тұрады қалай жылқы жүдеп кеткені. Құлап жатыр далада, тайлар, байталдар құлын тастап жатыр. Сондай жағдай.