СҚО-да қырылған жылқылардың өлексесі жойылды
Бұл туралы ветеринария басқармасының қызметкерлері мәлімдеді.
Санитарлық талап бойынша өлген жануарларды өртеп жіберген. Бұған дейін хабарлағанымыздай, өлім-жітім шалғайдағы Уәлиханов, Ақжар және Тайынша аудандарында тіркелді. Жауапты мамандардың ресми мәліметіне сенсек, бұл аймақтарда бас-аяғы 200-ден астам жылқы қырылған. Енді жоғалып кеткен үйірлер іздестіріліп жатыр. Басқа аудандардан көмек ретінде жемшөп жеткізілді. Облыс бойынша қазір 135 мың бас жылқы бар.
Аманжол Нұртазин, ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы:
- Уәлиханов ауданы аумағында 172 жылқының өлексесі табылды. Оның 10-ы Уәлиханов ауданының тұрғындарына тиесілі жылқылар. 18-і Ақжар ауданына қарасты тұрғындарының жылқылары. Қалғандары Ақмола және Павлодар облыстарына тиесілі жануарлар.