₸ 2 млн пара алған мемлекеттік қызметкерлер сотталды
Ұлытау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшылары сотталды, деп хабарлайды 24KZ.
Олар өңір аумағында ежелгі қорымдағы археологиялық қазба жұмыстарына қатысты мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойып, мердігер ұйым өкілімен сөз байласқан. Сөйтіп, 2 миллион теңге көлемінде пара алған. Жезқазған қалалық сотының үкімімен мемлекеттік мекеме басшылары 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал мердігер компания өкілі 3,5 жылға сотталды. Олар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.