Елдегі балық шаруашылығының жай-күйі қалай?
Отандық кәсіпорындарды қолдау мәселесі қалай шешіліп жатыр? Бұл тақырыпқа қатысты студиямызға арнайы келген Балық шаруашылығы комитеті акваөсіруді дамыту басқармасының басшысы Мирас Ғаббасовтан сұрап білеміз.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы 5 жылда бизнесмендер өндіріс көлемін үш еседен астамға арттырған. Бұрын олар 6 тоннаға жуық балық өнімдерін өсірсе, қазір 19 мың тоннадан асты. Өндіріс көрсеткіштері мемлекеттік қолдаудың арқасында өсіп келеді, сондықтан кәсіпкерлер бұл салаға қызығушылық танытты.
Бизнес жеңілдіктері 2021 жылы 9 жылға есептелген балық шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасы бекітілгеннен кейін қабылданды. Осы кезеңде мемлекет салаға шамамен 270 миллиард теңге және бюджеттен тыс жеке инвестиция ретінде тағы 340 миллиард теңге бөлуді көздеп отыр.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, балық өсіру шаруашылығына салынатын салық 70%-ке қысқартылды, оларға инвестицияның төрттен бір бөлігі өтеледі, жемшөп құнының 30%-і және шабақ пен дәрі-дәрмек сатып алу құнының 50%-і көлемінде субсидия бөлінеді.