Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы атанды
Түркістан - Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы атанып отыр.
Осыған орай, биыл жыл бойы рухани шаһарда 25 халықаралық, 21 республикалық және 53 облыстық деңгейде түрлі іс-шаралар өткізіледі. Туристік маусымның ашылу салтанатты 18 наурыз күні «Керуен сарай» кешенінде өтеді. Шара аясында «Түркі әлемінің тағамдары» гастрофестивалі, «Туристік астана келбеті» ақпараттық туры, «Көне түркі дәстүрі» этнофестивалі, Әуе шарлары және Экотуристік фестивалі мен халықаралық ән байқауы өтеді. Сонымен қатар 18-23 наурыз аралығында қазақ, өзбек және қырғызстандық көліктердің қатысуымен Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларға автошеру ұйымдастырылады.
Нұрдәулет Медеуов, облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары:
- 2024 жылы іске асырылатын барлық іс-шаралардың стендтері қойылатын болады. Басқа да симпозюмдардың барлығы жыл аясында жоспарланып отыр. Сонымен қатар Қытайдың танымал блогерлері мен БАҚ өкілдеріне облыстың турнистік нысандарына ақпараттық тур ұйымдастыру көзделуде. 22 наурызда Түркістан-Самарқанд халықаралық әуе рейсі іске қосылады. Самарқанд қаласында Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылып, екі ел арасындағы туристік компаниялардың келісім-шарттары түзіледі.