Ұлттық құрылтай мүшелері Атырауға жиналды
Облыс әкімі Серік Шәпкенов кеше түнде алқалы жиынға қатысушыларды күтіп алды.
Биыл үшінші рет өтетін Ұлттық құрылтайдың секциялық отырысы бүгін басталады. Модераторлар “Азаматтық қоғам”, “Мәдениет. Өнер. Руханият”, “Білім және Ғылым”, сондай-ақ “Әлеуметтік-экономикалық және аймақтық даму” тақырыптарында баяндама жасайды. Ал Мемлекет басшысының төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы ертең, 15 наурызға жоспарланған. Былтыр Түркістанда алқалы жиынды қортындылаған Президент, үшінші құрылтайды Атырауда өткізуді ұсынған болатын. Бұл бекер емес. Тарихтан белгілі, өңірдегі әйгілі Сарайшық қаласында атақты хандарымыз ордасын тіккен. Халықтың үн қату мінберіне айналған Ұлттық құрылтайда көтерілген маңызды мәселелер жөнінде алдағы хабарларымызда кеңінен баяндаймыз.