Көрісу күнін білім ордалары ерекше атап өтті
Алматыдағы №98 мектеп те ұлттық құндылықтарды дәріптеуден қалыс қалған жоқ.
Дәстүр аясында қазақтың ырым-жоралғылары паш етіліп, жыл бастауының мән-мағынасы түсіндірілді. Кіреберіс аулада қонақтарды қарсы алу рәсімі көрсетілді. Ұлттық киім киген ұстаздар төс қағыстырып, қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Кәдесыйлардан көрме ұйымдастырылды. Ал мектеп оқушылары оркестрінің орындауында қазақтың күйінен шашу шашылды.