Қызылордада өзге этнос өкілдері Амал күнін атап өтті

Қызылордада өзге этнос өкілдері де Амал мерекесін тойлады, деп хабарлайды 24KZ.

Олар қаладағы ірі ойын-сауық сауда орталығында мерекелік шара ұйымдастырды. Қыстан аман шығып, көктеммен қауышқан жұртшылық көрісу рәсімін  жасады. «Әжелер ансамблі» қатысып, ән-жырдан шашу шашты. Этномәдени орталық мүшелері мен мектеп оқушылары орталық келушілеріне өз өнерін көрсетті. Тамыры тереңге бойлаған тағылымы мол дәстүр қайта жаңғырды.

Рахима Ахметова, қоғамдық бірлестік төрағасы:

- Біз қазақ халқының ұлттық әндерін, қазақ халқының дәстүрін, сонымен қатар Қазақстанның қара шаңырағының астында бізбен бірге өмір сүріп жатқан басқа этнос өкілдерінің де мәдениетін, олардың елге деген махаббатын көрсетеміз.