«Қазақстан халқына» қоры 177 миллиард теңгені науқас балалардың еміне жұмсады
«Қазақстан халқына» қоры 177 миллиард теңгені науқас балалардың еміне жұмсады.
Еліміздегі 9 оңалту орталығының техникалық базасы нығайтылды. Нәтижесінде тірек-қимыл аппараты бұзылған жүздеген бала сапалы ем алды.
Екі жасар Лера анасын қуып жетуге талпынып жатыр. Ал бұған дейін ол сағым болып көрінетін. Дәрігерлер «ДЦП»-ға шалқыққан қызды аяғына тік тұрғызды. Ол ағылшындардың мына бір қондырғысында жаттығып жүріп кетті.
Кристина Харькова, Өскемен қаласының тұрғыны:
- Біз осында түскенімізге бақыттымыз. Дәрігерлердің көмегі бірден нәтиже берді. Қызым ең алдымен еңбектеп, одан тұрып аяғын басып кетті.
Өскемендегі оңалту орталығы айына кем дегенде 50 баланы қабылдайды. Медициналық көмек тегін. Оның игілігін Олеся Болатова да көрді.
Олеся Болатова, Өскемен қаласының тұрғыны:
- Ең алдымен порталға тұрдық. Екі аптаның ішінде анықтама алып, осында келдік. Өте қуаныштымын. Дәрігерлердің көп көмегі тиді.
«Қазақстан халқына» қоры еліміз бойынша осындай 9 орталық құрып, озық медициналық қондырғылар сатып алды. Науқас балалардың ерте оңалып кетуіне миллиард теңгеден аса инвестиция жұмсалды. Қазір дәрігерлер оқу курсынан өтіп жатыр. Бәрі де кішкентай бөбектер үшін…
Наталья Битебаева, оңалту орталығының бөлімше меңгерушісі:
- Тамыздың ортасынан бері 215 баланы қабылдадық. Олар толық оңалту курсынан өтті. Көбі жақсарып кетті.
Ал мына жерде церебралды параличке шалдыққан ересек балалар емделеді. Ауыр жағдайға душар болған Диананың анасы дәрігерлерден күдер үзе бастаған. Осында түскен баласы бірден сауығып, көз алдында оңалып кетті.
Анна Исаева, Өскемен қаласының тұрғыны:
- Ақылы орталықтарға да барып көрдік. Түк болмады. Қызымның мінез-құлқы бұзылған. Мамандар ебін тауып, жақсарып қалдық.
«Қазақстан халқына» қоры мұқтаж жандарға қамқорлық жасайды. Бүгінге дейін олар 15 миллиард теңгеге 15 әлеуметтік-оңалту жобасын жүзеге асырды.
Гүлзия Бидатова, "Қазақстан халқына" қоры бағдарламаларды басқару орталығының жетекшісі:
- Оның ішінде енді жүйелі түрде жүзеге асырып жатқан айта кетсек, ол ең үлкен бағдарламамыз ол жаңағы сирек ауыратын науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. 33,5 млрд теңге екі жылдың ішінде жұмсалды. Оның ішінде 38 препараттармен қамтамасыз етіп, 382 науқастарға берілді.
Қор есебінен балалар мен ересектерге 11 дәрі сатып алынды. Оның ішінде әлемдегі ең қымбат препараттар да бар. Сонымен қатар 300-ге жуық ауыр науқас оңалту курсынан өтті. 25 сәби Оңтүстік Корея, Түркия, Ресей, АҚШ-қа барып емделіп келді.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин