Павлодар облысында 875 бала жазғы демалыспен тегін қамтылады

Биыл Павлодар облысында 875 бала жазғы демалыспен тегін қамтылады, деп хабарлайды 24KZ.

Оның ішінде 75 жолдама Павлодар ауданының ауылдық мектептеріне бөлінді. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының арнайы сертификаттары мектеп директорларына табысталды. Жазғы демалыс  сертификаты оқу үлгерімі жақсы, спорт пен шығармашылықта жоғары көрсеткішке ие болған, мектеп өміріне белсенді қатысатын балаларға беріледі. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар да назардан тыс қалмайды. Бұл жобаның іске асуына Оқу -ағарту министрлігі де өз үлесін қосты.

Анар Бейсекеева, Кемеңгер жалпы орта білім беру мектебінің директоры&

- Бізге ең жақсы өзімізге жақын бұл – ауыл өңірлеріндегі тірек мектептерінің әлеуеттерін көтеру жобасы. Осы жоба барысында былтырғы жылы біздің мектебіміздің, Кемеңгер мектебінің 10 баласы толыққанды демалып келді. Білім, тәжірибелер алмасып келді, сонымен қатар өздеріне достар тауып келді. Осындай жобалар балалардың оқуларының жақсаруына үлкен себептерін тигізеді деп ойлаймын.