Талдықорғанда 500 қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды
Қайырымдылық күніне орай Талдықорғанда 200-ге тарта тұрмысы төмен отбасыға азық-түлік қорабы таратылды, деп хабарлайды 24KZ.
Игі іс орталық мешітте басталып, қоғамдық ұйымдарда жалғасын тапты. Ал қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімі әлеуметтік осал топқа жататын және мүмкіндігі шектеулі балаларды өсіріп отырған жанұяларды аралады. Оларға кәсіпкерлер мен демеушілердің тарту таралғыларын табыс етті. Сонымен қатар оқушылар сарайында «Қазақстан халқына қолдау» қорының жазғы сауықтыру лагеріне берілетін жолдамасы үлестірілді. Сертификат оқуда озат, спортта жетістікке жеткен оқушыларға беріледі. Жазғы демалыста тегін тынығу мүмкіндігі облыс бойынша мыңнан аса балаға бұйырды.
Ернар Мұсанов, №22 орта мектеп директоры:
- Мамыр айында дарындылар фестивалі өтеді. Сол фестивальде 14 сертификатты қамқоршылық кеңесі және ата-аналар кеңесінің шешімімен 14 балаға беретін боламыз.