Халықаралық агенттікпен серіктестік артады
Қазақстан Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттікпен ынтымақтастықты күшейтеді.
Бұл туралы еліміздің Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Венаға сапары барысында белгілі болды. Ұйым директоры Рафаэль Гроссимен кездесу кезінде ядролық медицина мен Семей полигоны аумағын оңалту бойынша бірлескен жобаларды іске қосу жайы талқыланды. Мұрат Нұртілеу, сондай-ақ, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы Роберт Флойдпен кездесіп, халықаралық қауіпсіздік саласындағы ахуалды да сөз етті.
Роберт Флойд, ЯСЖТШҰ дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы:
- Қазақстанның ядролық қаруды таратпауға қосқан үлесі зор. Биыл ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні қарсаңында көптеген іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Сіздің елде ядролық қарусыз аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде үлкен конференция өтеді. Содан кейін араға бір апта салып, БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясы болады.