Елімізде Шаңырақ күні атап өтіледі
Бүгін елімізде "Шаңырақ күнін" атап өтеді.
Осы күні отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өтеді. Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра, сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы. Естеріңізде болса, елімізде биыл Наурыз мейрамы жаңа форматта аталып өтіледі. Жалпы республика бойынша 10 мыңнан астам іс-шара өткізіледі.