TikTok #Наурыз2024 онлайн-фестивалін бастайды
Әз Наурызды кеңінен атап өтуге TikTok платформасы да қосылды.
Қазақстандықтар #Наурыз2024 хештегі арқылы онлайн-фестивальге қосылып, мерейлі мерекенің маңызды тұстарымен бөлісе алады. Ең үздік бейнероликтің авторы бағалы сыйлықтарға ие болады. Жоба қорытындысы 22 сәуірде жарияланбақ. Ілкімді іске Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Туризм және спорт министрлігі мұрындық болып отыр. Айта кетейік, платформа былтыр Әз Наурыз қарсаңында 16 мыңға жуық видео шығарды. Қолданушылар көктемнің бастауын ауыл тұрғындары қалай қарсы алғанын түсіріп, сүйікті тағамдарының мәзірлерімен бөлісті. Сондай-ақ тарих, әдет-ғұрып туралы әңгімелеп, дәстүрлі киімдердің көркемдегін паш етті.