Скринингтік тексерудің тиімділігі
Шымкентте онкологиялық ауруларды ерте анықтау өз нәтижесін бере бастады.
Былтырғы скринингтік тексерулердің арқасында 13 мыңнан астам қатерлі обыр анықталды. Сүт безі, жатыр мойнының ісігі, қан айналым жүйесінің бұзылуы мен қант диабеті, тоқ ішек ісігін алдын алу мүмкін болды. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры» арқылы әркім тегін тексеруден өтуге құқылы. Биыл бұл бағытта мегаполиске 2 миллиард теңге бөлінді
Сәбит Құралбек, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» филиал директоры:
- Шымкент қаласы үшін 13700 адамның 2023 жылы скрининг кезінде аурулары табылып, ешқандай симптомдары болмаса да аурулары табылды. Уақытылы емдерін алды. Егер бізде скринингпен ертерек 1-2 кезеңде табылса, ол 100% емделеді. Азаматтарымыз осыны білгені дұрыс.