Елордалық құтқарушыларға пәтер кілттері табысталды
Елорда әкімдігінде салтанатты жағдайда ҚР Төтенше жағдайлар министрі Чингис Аринов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордалық құтқарушыларға он бес қызметтік пәтердің кілтін табыс етті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен азаматтық қорғау жүйесінің әскери қызметшілерін, өрт сөндірушілері мен құтқарушыларын әлеуметтік қорғауды жақсарту бағдарламасы іске асырылуда.