Сенат төрағасы елордадағы оңалту орталығына барды
"Наурызнама" онкүндігі аясында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елордадағы мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығына барып, қызметкерлерімен және емделушілерімен кездесті, деп хабарлайды 24KZ.
Қазіргі таңда бұл жердің есебінде 200 бала және психоневрологиялық патологиясы бар 42 ересек адам бар. Мекеменің негізгі міндеттерінің бірі – белсенді өмірлік позиция мен балалардың өзіне-өзі көмектесу дағдыларын қалыптастыру. Мәулен Әшімбаев өз сөзінде аталған орталықтың бірнеше жылдан бері белсенді жұмыс істеп келе жатқанына назар аударды.
Сондай-ақ Палата спикері бұл мәселеге Мемлекет басшысы үнемі баса мән беріп отырғанын атап өтті. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша елде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау және кедергісіз орта құру бағытында ауқымды жұмыс атқарылып, берік институционалдық негіз қалыптасып келеді.