Алматы облысында 3 жасар қыз іздестіріліп жатыр

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 17 наурыз күні жоғалып кеткен 3 жасар қыз әлі табылмады, деп хабарлайды 24KZ.

Із-түзсіз кеткен бүлдіршінді іздеу операциясына тікұшақ шығарылды. Одан бөлек, адам денесіндегі қызуды анықтайтын құрылғымен жабдықталған дрондар жұмылдырылды. Бірақ әзірге іздестіру жұмыстары нәтиже бермеді.

Бауыржан Аленов, Облыстық Полиция департаментінің бастығы:

- Ізін суытпай, арнайы іздеу топтары құрылып, онда департаменттің 150 қызметкері, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың 50 қызметкері, Ұлттық ұланның 80 сарбазы, Төтенше жағдай департаментінің 40-тан астам қызметкерлері және тепловизорлармен жабдықталған 4 дрон пайдаланылып жатыр. Сондай-ақ 10 атпен іздеу топтары және 25 кинолог іздеу шараларына белсенді қатысып жатыр. Қазіргі уақытта кең ауқымды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат қосымша берілетін болады.