Трансшекаралық өзендерге су есептеуіш қондырғы орнатылады
Трансшекаралық өзендерге есептеуіш қондырғылар орнатылады.
Қазақстан мен Өзбекстан билігі осындай келісімге келді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі мәлімдеді. Нұржан Нұржігітовтің айтуынша арналарға қойылған құралдар, екі елдің тұтынатын су көлемін, онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Қазір қос мемлекеттің сарапшылары қондырғыларды орнататын орындарды белгілеп жатыр. Алда, жобаға халықаралық ұйымдар да, қатысуы мүмкін. Министр сәуір айында тағы да көршілес мемлекеттермен осы бағытта келіссөздер жүргізілетінін айтты.