«Дипломмен ауылға»: 3 мыңнан астам маман баспанамен қамтылады

Биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 3 мыңнан астам маман баспанамен қамтылады.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі мәлімдеді. Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, бюджеттен 25 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар мемлекет ауыл тұрғындары арасында кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. 

Нұрлан Байбазаров, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:

- Ауылдық жерлерде кадрлар тапшылығы проблемасын шешу үшін «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылып жатыр. Жобаны іске асыру барысында 2009-2023 жылдар аралығында ауылдық жерлерде 105 мыңнан астам маман 20,3 млрд теңге сомасына көтерме жәрдемақы алды. Оның ішінде 48 мыңнан астамы 160,4 млрд теңге сомасына тұрғын үй алып отыр.