Жеңгетайлық ауыр қылмыс санатына жатқызылады

Притон ұстау мен жеңгетайлық ауыр қылмыс санатына жатқызылмақ.

Бұл Мәжілісте "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасында көзделген. Депутаттар құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Ішкі істер министрі Ерлан Сәденовтің айтуынша, Қылмыстық кодекске "адам саудасымен байланысты қылмыстар" ұғымы енгізіледі. Сондай-ақ қанау мақсатында ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру және жезөкшелікпен айналысуға тарту қылмыстары бойынша құрбандарға өтемақы төлеу мүмкіндігі көрсетілген. Сонымен қатар баланы балалар үйіне немесе медициналық ұйымдарға қалдырып кеткен жағдайда мекеме қызметкерлері дереу құзырлы орындарға хабарласуы қажет. Хабарын бермеген жағдайда, жауапқа тартылады.