Бас прокуратура: Е. Тұрғымбаевтан жауап алынды

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан Қаңтар оқиғасына байланысты жауап алынған.

Ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады. Ресми мәліметке сүйенсек, Қаңтар оқиғасында қауіпсіздікті қамтамасыз етпеу және азаптауға қатысты күш органдарын тексеру жалғасып жатыр. Тергеу барысында экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтан да жауап алынды.

Айта кетейік, күштік құрылымдардың бұрынғы басшылары әлі де қылмыстық қудалауға ұшырап жатыр. Мысалы, Бас прокуратура Алматы облысындағы Қошмамбет ауылында арнайы қабылдау жағдайында ұсталған азаматтардың азапталғанына қатысты дәлелдемелер жинағанын хабарлады. Нәтижесінде жауапты тұлғалар 16 наурызда қамауға алынған.