Самат Әбішке қатысты сот үкімі шықты
Самат Әбіш шартты түрде 8 жылға сотталды.
Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Сот отырыстары жабық форматта өтті. Сотталушы кінәсін толық мойындап, өКінген. Сот үкімімен билікті асыра пайдаланғаны үшін Самат Әбіш "кінәлі" деп танылды. Ол 10 жылға белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан және шартты түрде 8 жылға бас бостандығынан айырылды" делінген хабарламада. Ішкі істер министрі сот үкіміне сай Самат Әбіш пробациялық бақылауда және оның Қазақстаннан кетуге құқығы жоқ деп түсіндірді. Сондай-ақ оны мемлекеттік наградаларынан айыру ұсынылды.