Қазақстан «бақытты елдер» тізімінде 48-ші орынға жайғасты

Халықаралық бақыт күніне орай БҰҰ «ғаламдық бақыт туралы есебін» жариялады.

Рейтингте әр елдің әлеуметтік ахуалы, қылмыстың азаюы, экономика мен денсаулық сақтау саласының дамуы және халықтың тұрмыстық жағдайы сарапқа салынған. Тізімді 7-ші жыл қатарынан Финляндия бастап тұр. Дания мен Исландия екінші орынға тұрақтаған. Германия, Франция, Испания елдерінде жастарға қарағанда қарт кісілер өздерін бақыттырақ сезінеді екен. Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада бақытты жандар жоқтың қасы. Ал Қазақстан бұл тізімде биыл 48-ші орынға жайғасқан. Еліміз Орта Азия мемлекеттері арасында Өзбекстаннан кейін екінші тұр.

Айта кетейік, БҰҰ-ның бұл ғаламдық есебі 2012 жылдан бері жүргізіліп келеді.