Алаяқтық жасады деген күдікті БАӘ-нен экстрадицияланды
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды.
Бұл операцияны Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері еліміздің Сыртқы істер министрлігінің көмегімен жүзеге асырды. Күдікті 2010 жылы танысын алдап, банктен несие алу үшін кепілдік беруші ретінде көндірген. Кейін тиісті ақшаны алғаннан соң ізім-ғайып жоқ болып кеткен. 10 жылдай халықаралық іздеуде болып, былтыр Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталған. Ол жәбірленушіге 260 миллион теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның кінәсі дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.