Шымкентте ұшқыр тазылар көрмесі өтті

Шараға кәсіпқой және әуесқой ит өсірушілер қатысты.

Олар жиналған қауымға аңшылыққа салатын 100-ге жуық төбетін көрсетті. Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеті қазынаның бірі – қазақтың тазы тұқымын сақтау жұмысы қолға алынған. Сарапшылардың айтуынша, бұл өте маңызды іс. Сондықтан қазылар алқасы әр иттің түр-тұрпаты мен шығу тегіне баса назар аударды. Ал үздік деп танылғандары халықаралық көрмеге жолдама алады. 

Алёна Мартынова, сарапшы:

- Біз қазір еліміздегі тазылардың тізімін жасап жатырмын. Өткенде Батыс Қазақстан облысына барып келдік. Енді оңтүстіктеміз. Одан кейін Алматыға жолға шығамыз. Бұл иттер өте ақылды. Сондықтан тұқымын көбейтіп, оларды мақтан тұтуымыз керек.