Қарағанды тұрғыны автомобиль мен қоғамдық көліктен бас тартты

Қарағанды тұрғыны автомобиль мен қоғамдық көліктен бас тартты.

Бензинмен қозғалатын техниканың орнын велосипед басқан. 58 жастағы Ерсін Смағұлов қос дөңгелекті серігінің денсаулыққа және қоршаған ортаға да пайдасы орасан дейді.

Ерсін Смағұлов діттеген жеріне қысы-жазы велосипедпен жетеді. Аптап ыстық та, үскірік аяз да, тіпті боран да кедергі емес. Жұмыс орнына, жеке шаруаларымен қаланы он айналуға бар. Экологияға зияны жоқ көліктің ешқандай шығыны да жоқ дейді. 

Ерсін Смағұлов, қала тұрғыны:

- 10-15 минутта барамын, жұмысымды істеймін. Бір жол. Осы бір жол. Пересадка деген жоқ. Автобустың ішінде таңатпай ұрысу жоқ. Автобустың ішінде білесің отырсаң да жақпайсың, тұрсаң да жақпайсың. Тоңуды мен айтып отырмын ғой сезінбеймін. Өйткені қолың да қозғалыста, аяғың бда қозғалыста. Әндетіп жұріп барып келе бересің.

Кез келген велосипед иесі автомобиль жүргізушісіндей жол қозғалысына қатысушы екенін есінен шығармауы тиіс. Қос дөңгелекті көлікті басқара отырып аса сақ болу қажет, дейді ол.

- Тамаша, жақсы, күнделікті жол. Таңертең шығамыз, осымен қайтамыз әндетіп. Тасол қатып қалды деген жоқ, май ауыстыру деген жоқ. 

Жеңіл атлетиканы жанына серік еткен Тілеубек Бағдәулет «өмірдің өзегі белсенділік» дейді. Қарағанды университетінің дене шынықтыру пәні мұғалімі велосипедтің адам ағзасына әсерін зерттеп көрген. Қос дөңгелекті көліктің бұлшық еттен бөлек асқорыту және қан жүйесі мен жүрекке де пайдасы зор. 

Тілеубек Бағдәулет, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің дене шынықтыру және спорт мұғалімі:

- Ересек адамдарға велосипедке отыру өте пайдалы бүкіл ағзасына. Сондықтан да жай-жайдан бастау керек. Жай-жайдан арақашықтықты ұлғайтып, уақытын ұлғайтып. Содан соң өзімен бірге қосымша су алып жүру керек міндетті түрде ішіп жүру үшін. Сонымен қосып отырса пайдасы өте көп.

Ерсін Смағұл 58 жаста. Шаһардың тазалығына үлес қосатын қоғамға пайдалы қызмет етеді. Болашақта Қарағанды тұрғындары автомобильдерін велосипедке ауыстырады деп үміттенеді. Себебі экологияға зияны жоқ көлікке көшу өңір үшін өзекті екендігі аян.

Мансур Есқожин, Марина Золотарёва, Сайлау Игликов, Зарина Зулпыхар