Тарих таңбаланған кілемдер
Суретті күрішпен бейнелеу – Сыр өңіріне тән техника.
Дәнді дақылға өмірдегі көз тартар көріністі айнытпай салып жүрген Дәулетбек Тойшыбаевтың туындыларына көркемсурет өкілдері жоғары баға беріп жүр. Жер-дүниенің әсемдігін қылқаламның құдіретті ізіне сыйдырған дарын иесі үнемі ізденіс үстінде. Қазір ол Шығыс елдерінде трендке айналған «KilemАrt» бағытына ойысып, алғашқы көрмесін де өткізді.
«Сурет те сөйлейді. Кез келген картинаның жасырған жұмбағы, беймәлім тылсым күші һәм маңызды мазмұны бар. Сонымен бірге өзіндік құпиясы да болады. Жалпы бейнелеу өнерінің барлық жанры бойынша еңбектенетін ол көргенімді емес, сезінгенімді саламын», дейді.
Дәулетбек Тойшыбаев, суретші:
- Натюрморт, пейзаж, абстракция, сюрреализм мен көбінесе реализм жанрында жұмыс жасаймын. Оның ішінде тарихи жанрда. Батальный батырлардың, қазақ хандарының, қазақ әйелдерінің тұрмыстық жағдайларын суреттеймін.
Креатив-суретші жаңа бағыт бойынша тоқылған оқалы 12 кілемге Ұмай, Бегім, Домалақ ана мен сақ ханшайымдарының жас кезіндегі кескінін бейнелеген. Суретке зер салған жан тарихи персонаждардың әсіресе әшекей бұйымдарына ерекше әр берілгенін байқайды. Майлы бояумен түрлі техниканы қолданып, тәжірибе жасағанды жаны сүйетін Дәулетбек жібек жіппен кесте тоқиды. Сондай-ақ құмнан граффити, саз балшықтан мүсін де құяды.
Дәулетбек Тойшыбаев, суретші:
- Бізде 2-3, 4 жылда бір симпозиум болады. Негізі жылына бір рет болып тұру керек. Шақырып тұрса. Бір жағынан көп жобаларымызды ұсынсақ кейінге қалып қояды. Қаралмай қалады. Өзіміздің күнімізді өзіміз көріп жүрміз. Арендада отырмын 2016 жылдан бері. Негізі кезінде шеберхана тегін берілген тұғын осы 2016 жылдан бастап жалға беріп, кәсіпкер ретінде жұмыс жасап жатырмыз.
Темірбек Сағымбаев, Қазақстан суретшілер одағының ОФ төрағасы:
- Суретшілер бұрын министрлікке қарайтын қазір енді жеке өзінше. 90-жылдары қиын болды. Суреттерін көбісі қойып кетті қиналғасын. Басқа салаға кетіп қалды. Шамалы жөнделгесін қайтып айналған суретшілер аз ғой. Көбісі бизнеспен кетіп, тастады сонымен. Басқа облыстарға көрме жасауға Үкіметтен көмек болып тұрса, бәрі айналғанда қаражатқа келіп тіреледі ғой.
Суретшілер одағының ең жас мүшесі «Шабыт» фестивалінің лауреаты атанып, республикалық шығармашылық байқауларда жүлде алған. Қылқалам шебері енді шетелдік көрмелерге қатысуды жоспарлап, ірі қалалардағы зәулім ғимараттар қабырғасына мурал салуды армандайды.
Авторлары: Қамбар Бекенов, Ақан Әлиев