Жастарды кітап оқуға баулу өте маңызды
Мемлекет басшысы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда қазіргі ұрпақ «кітапқұмар» болуы керек деген болатын.
Жас ақын-жазушылар балаға кітапты өз ана тілінде оқып үйретсек қана қызығушылығын арттырамыз дейді. Жастар Президенттің тапсырмасымен Алматы мен Астанада тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапхана ғимаратының бой көтеруін асыға күтетіндерін жеткізді.
Абай Ораз, ақын /Ұлытау облысы:
- Біз балаларға қандай кітап оқу керектігін айтып бағыт-бағдар беруіміз керек. Біз көбінде Жапон, Германия мемлекеттерін өзімізбен салыстырамыз. Бізге кез келген уақытта есігін ашып кіре қоятын кітапхана керек. Ұлт болып қалыптасып, ел болып дамуымыз үшін бізге бірінші кітап оқу мәселесін қай салада болсын жолға қоюымыз керек.