Ескі де жаңа Елтаңба
Заман ағымына қарай, қоғам талабына қарай өзгереді.
Тәуелсіз елдің таңбасы да дәл солай. Ескіреді, қайта жаңарады. Бұл қалыпты жағдай. Мажарстан елтаңбасының өткен ғасырда, сегіз мәрте ауысуы, бұған нақты мысал. Жалпы, әлемнің көптеген елі, мемлекеттік рәміздеріне өзгеріс енгізу бұрыннан бар.
Канаданың корольдік елтаңбасы. Үйеңкі жапырақты елдің осы рәмізі талай рет өзгеріске ұшыраған мемлекеттік символдардың бірі саналады. Бір кездері тіпті тым күрделі елтаңба қатарында болған. Оған Канада аумағының кеңеюі мен провинциялар санының артуы себеп. Мәселен, 1905 жылы ол 9 бөліктен тұрды. Осыны ескерген билік 1915 жылы елтаңбаның жаңа үлгісін жасауды қолға алды. Араға 6 жыл салып, патша Георг бесінші оны ресми түрде бекітті. Десе де, 1957 жылы Канаданың мемлекеттік рәмізі тағы да өзгеріске ұшырады. Ал 1994 жылы кішігірім түзетулерден кейін елтаңба қазіргі кейпіне енді. Ұлыбританияның патшалық елтаңбасына ұқсас.
Ал ТМД елдері арасында елтаңбасын ең көп өзгерткен мемлекет Түркіменстан екен. 1992 жылдан бері ол 3 рет жаңарды. Алғашқысы қазіргідей жасыл емес, сары түсті болды. Ал символдардың пропорциялары бүгінгі нұсқадан кішірек етін. 2000–2003 жылдар аралығы қолданылған рәмізде символдардың пішіні де, түстері де қазіргіге ұқсады. Айырмашылық тек елтаңбалардың пішінінде болды. 2003 жылы Түрікменстан президенті Сапармұрат Ниязов екінші нұсқаның пішінін сегізбұрышқа өзгертті. Көне түрікмен оны молшылықтың, бейбітшілік пен тыныштықтың символы санаған.
ТМД елдері арасында елтаңбасы өзгеріске ұшыраған тағы бір мемлекет – Беларусь. Алғаш рет түзетулер мен өзгертулер 2012 енгізілді. 2021 жылы ел билігі рәмізде бейнелеген Жер шары құрлықтарының түсін ауыстыратын болып шешті. Сонымен қатар елтаңбадағы шар бұрынғы нұсқаға қарағанда сәл қиғаштала түсті. Осылайша рәмізде Белорусь аумағы орналасқан Еуропа құрлығының бөлігі көбірек көрінді.