Қарғын судан келген қарбалас
Қолайсыз күн райынан адамдар ғана емес, жануарлар да зардап шегіп отыр.
Ақтөбе облысының Шалқар ауданына қарасты Бүйректөбе елді мекенінде 25 түйе су ортасында қалып қойған. Оларды үрлемелі қайықпен жедел жеткен арнайы топ құтқарды. Мамандар тізеден су кешіп, ойсылқара түліктерін қауіпсіз аймаққа айдап апарды.
Қыстақтағы адамдар тікұшақпен құтқарылды
Табиғаттың тосын мінезі Қостанай облысының тұрғындарын да тығырыққа тіреді.
Қар күрт еріп, Арқалық қаласының маңындағы қыстақ су астында қалған. Облыс орталығындағы әуежайдан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметіне тиесілі МИ-8 тікұшағы Сарыбас қыстағына бет алды. Мына кадрларды Төтенше жағдайлар министрлігі таратты.