Сенаторлар шетелдік көлікті тіркеу төлемін азайтуды ұсынды
Сенаторлар шетелден келетін автокөліктердің кәдеге жарату мен бастапқы тіркеу төлемдерін азайтуды ұсынды.
Себебі елімізде көлік құны шарықтап жүргізушілердің дені жаңасын мінуден қалған. Сенатор жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы да халықты жаңа автомобильмен қамтамасыз ете алмағандығын алға тартты. Қазір Қазақстандағы көліктердің көпшілігі ескі, зауыттан шыққанына 20 жылдан асқан. Мәселен Еуроодақ елдерінде бұл көрсеткіш 11 жыл шамасында болса, көршілес Ресейде 14 жыл. Сондықтан сенатор Үкімет басшысына кәдеге жарату алымын төмендетіп, кедендік баж салағы мен автомобильді мемлекеттік тіркеу алымы мөлшерін азайтуды ұсынды.
Бекбол Орынбасаров, ҚР Парламент Сенатының депутаты:
- Қозғалтқыш көлемі екі мың текше сантиметрге дейінгі үш жастан аспайтын автокөліктерге үшін кәдеге жарату алымының мөлшерлемелерін 150 000 теңгеден аспайтындай етіп қайта қарауды, екінші кедендік бажды есептеу кезінде кедендік торды азайту жағына қарай. Үшінші, шығарылған жылын қоса алғанда бес жылға дейін көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуге алғаны үшін мөлшерлемені 0,25 АЕК көлемінде қарастыруды ұсынамыз.