Ұлытау облысында қырылған жылқылардың өлексесі жойылды
Ұлытау облысында жұттан қырылған 1475 бас жылқының өлексесі жойылды.
Басым бөлігінде сәйкестендіру нөмірі жоқ. Яғни арнайы дерекқорға тіркеліп, чиптелмеген. Сондықтан өлген малдың иелерін анықтау да мүмкін болмай отыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин бастаған арнайы топ Ұлытау облысына жұмыс сапармен барып, мән-жайды бағамдап қайтты. Аудандық ветеринариялық станцияларға мал иелерінен ешқандай өтініш түспеген. Ведомство өкілінің айтуынша, мал ресми тіркелген жағдайда ғана мемлекет қолдау көрсетеді.
Аманғали Бердалин ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
- Күнделікті біздер оперативті информацияны оны әр өңірден алып отырамыз. Соған сәйес сол ақпан айының ортасында, бірінші ақпарат түскеннен кейін ауыл шаруашылығының министірлігі Айдарбек Сейпіұлы Сапаров арнайы сол жаққа комисиясын жіберіп, сол комиссия аралап көріп, сол 67 малдың өлгенің қарап, тиісті қандай әрмен қарай шара қолдану тиіс екенің солай қайтқан болатын. Одан кейін өздеріңіз білесіздер жағдай енді күнделіәкті келіп жатқан информация бізде бар.