Ақтөбеде төтенше жағдай жарияланды
Себебі тасқынды тежеу оңай болмай тұр. Тек Ақтөбе су қоймасындағы судың көлемі бір тәулікте 150 миллион текше метрге көбейген.
Салдарынан қалаға түгел қауіп төніп тұр. Сондықтан жергілікті билік суды ағызып отыруға мәжбүр. Ал ақтөбеліктердің өміріне қауіп төнбеу үшін Елек және Қарғалы өзендеріне жақын орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын эвакуациялау басталды. Олар облыс орталығындағы оннан астам мектептерге орналастырылып жатыр.
Айта кетейік, облыс орталығынан бөлек, өңірдің үш ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды.
Азамат Бекет, қала әкімі:
- Бүгінгі күні 73 үйге су кірді. 155 адам эвакуацияланды. Су тасқыны салдарынан зардап шеккен адамдарға көмек беріледі. Ешкім назардан тыс қалмайды.