Теміржолшылар Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялайды
Сондай-ақ, теміржолшылар да су тасқынына байланысты Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялайды.
Өңірдегі Ақсу-Аюлы кентінде қардың қарқынды еруі және Шерубай-Нұра өзенінің арнасынан асу салдарынан «Екатеринбург-Алматы» тас жолы уақытша жабылды. Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялауды ұйымдастырады. Қажетті ақпаратты «1433» нөмірі бойынша тегін алуға болады.