Ақтөбе облысында тұрғындарды тікұшақпен эвакуациялау жалғасып жатыр
Ақтөбе облысындағы төтенше жағдай аймағынан адамдарды әскери тікұшақтармен эвакуациялау жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, кезекті арнайы операция өтті. Нәтижесінде Есіл ауданының Көптоғай ауылдық округінің су басқан аймағынан құтқарушылар 7 жергілікті тұрғынды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.