Сенаторлар су тасқыны салдарын талқылады
Су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіледі.
Бұл туралы жоғары палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Сенаторлар бүгін төтенше жағдай салдарын талқылап, қиын жағдайға тап болған халыққа мемлекеттік қолдау болатынын айтты. Мәулен Әшімбаев сондай-ақ күш біріктіруге шақырды. Және бұл мәселе Президент назарында екенін атап өтті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қарғын су елді мекендерді басып, жолдар мен көпірлерді шайып кетіп жатыр. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға төтенше жағдайға қарсы тұру және оның зардаптарын жою жөнінде нақты тапсырмалар берді. Президентіміз басты міндет адам шығынына жол бермеу екенін баса айтты. Мұндай қиын жағдайда мемлекет азаматтарды жалғыз қалдырмай, қолдау көрсететіні анық. Барлық зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіледі.