Теміртаудың оң жағалауына уақытша құбыр тартылды

Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласының оң жағалауы тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету үшін уақытша құбыр тартылды.

Нұра өзенінің арнасында жатқан орталық құбырдан ақау шығып, қаланың бұл аумағы тіршілік нәрінсіз қалған еді. Осыған байланысты металлургтер шаһарында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі таңда өзен суы тасып жатқандықтан коммуналдық қызмет қосымша құбыр тартуды жөн санаған. Тасқын сейілген соң негізгісі жөнделеді. Тұрғындарға ауызсуды тек санитар мамандардың рұқсатынан соң ғана пайдалануға болады. Себебі хлорлау жүргізілген. Әзірге тасымал суды тұтынады.

Ринат Қыдырбеков, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

- Бұл бүгінгі күнде уақытша шешім. Басты су құбырын жөндеу үшін біз Самарқанд су қоймасынан су ағысының төмендеуін күтеміз. Содан соң басты құбырды жөндеуге кірістін боламыз.